Cемей29°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
465.19 536.55 5.61

Мария Бровкова Мажарстандағы Әлем Кубогы кезеңінің жеңімпазы атанды

14-05-2023, 12:45 Думан Кенжеғазыұлы

Мажарстанның Сегед қаласында өтіп жатқан байдарка мен каноэде ескек есуден биылғы Әлем Кубогының алғашқы кезеңінде отандасымыз Мария Бровкова алтын медаль жеңіп алды.

Ол C-1 санатындағы 1000 метрге жарыста мәре сызығын бірінші болып кесті (4:49.91 секунд). Одан кейінгі сатыға әлем чемпионатының күміс жүлдегері мажарстандық Жофия Кисбан мен оның отандасы Жофия Каталин Чорба тұрақтады.

Бұл кезең ертең, 14 мамырда мәреге жетеді. Жалпы Сегед қаласындағы жарыс жолы 18 жастағы қазақ спортшысына жақсы таныс. Мария былтыр осы қала қабылдаған 23 жасқа дейінгілер арасындағы каноэ мен байдаркада ескек есуден әлем чемпионатында С-1 1000 метрде жеңімпаз атанған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив