Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Қорғаныс министрінің орынбасары Астанадағы жаңа жинау пунктінің дайындығын тексерді

14-05-2023, 13:23 018.kz

Әскери нысан инспекциясына Министрдің орынбасары генерал-лейтенант Мұхамеджан Таласов, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмұрзаев, Қорғаныс министрлігі құрылымдық бөлімшелерінің, елорда әкімдігінің, №3 қалалық емхананың басшылығы қатысты.

Комиссия мүшелері елордалық Қорғаныс істері жөніндегі департаментіндегі жинау пунктінің запастағы азаматтарды оқу-жаттығу жиындарға әскери қызметке шақыруға және белгіленген жерге әскерге шақырылушыларды жіберуге байланысты іс-шараларды өткізуге дайындығын тексерді.

Сондай-ақ, олар жұмыс істеуге жасалған жағдаймен танысып, медициналық кабинеттерді, асхананы және әскерге баратындар жиналатын орындарды қарап шықты.

Республика даңғылы 54 мекенжайындағы алты қабатты ғимаратта әскерге шақырылушыларға арналған казарма, тамақтану пункті, процедуралық, функционалдық диагностика және талдау алу үш кабинеті орналасқан. Жинау пункті дәрігерлермен, қажетті медициналық жарақтармен және құралдармен толық жабдықталған.

Кездесу соңында Қорғаныс министрінің орынбасары азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды, жергілікті әскери басқару органдарының консультативтік-түсіндіру және ақпараттық қызметін ұйымдастыру жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив