Cемей5°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Алматыда 700 мыңнан астам халық және 1100-ге жуық нысан жалпы қалалық сейсмикалық жаттығуға қатысты

23-04-2023, 16:47 Думан Кенжеғазыұлы

20 сәуірде  сағат 11:00-де Алматыда биылғы жылы бірінші жоспарлы жалпықалалық сейсмикалық оқу-жаттығу өткізілді.  Бұл реттен  жылына екі рет өткізіледі. Тоқсан сайын қала ұйымдарында сейсмикалық оқу-жаттығулар өткізілсе, жыл басынан бері өзінде 2,8 мыңнан астам сейсмикалық оқу-жаттығулар өткізілді.

Сейсмикалық оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – қала тұрғындарының төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдарға дайындық деңгейін арттыру, тұрғындар эвакуациялау жолдарын, қауіпсіз жерлерді алдын ала анықтап, апаттық чемодандарды дайындау.

2023 жылғы 20 сәуірде сағат 11:00-де Алматы қаласының аумағында 9 балл қарқындылығымен шартты түрде жер сілкінісі болды , жойқын жер сілкініс салдарынан күрделі жағдай орын алды, ғимараттар мен құрылыстардың жаппай қирауы, көптеген өрт ошақтарының пайда болып, байланыстың барлық жұмысының бұзылуы, көлік магистральдарындағы үйінділер мен  қираулар орын алды.

Сейсмикалық жаттығудың негізгі жаттығу оқу орны - Розыбакиев-Есқараев көшелерінің қиылысында салынып жатқан 12 қабатты "Әмір" тұрғын үй кешені болып белгіленді, онда азаматтық қорғау қызметтерінің жеке құрамы адамдарды құтқару және эвакуациялау, үйінділерден зардап шеккендерді шығару, өрттерді сөндіру, алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша іс - қимылдарды пысықтады.

Осы уақытта Радостовец көшесі, 367 мекенжайындағы №38 гимназия аумағында халықты жинау, тіркеу және уақытша орналастыру элементтерін пысықтау үшін шатырлы лагерь, дала асханасы, тамақтану және азық-түлікпен жабдықтау пункттері бар ЗШХҚБ (зардап шеккен халықты қабылдау пункті) орналастырылды. Штраус көшесінің бойында шартты түрдегі ТЖ кезінде тұрғындарды қауіпсіз аймаққа эвакуациялау үшін автобустар жұмылдырылып, сондай-ақ құтқару техникасының көрмесі ұйымдастырылады.

Сонымен қатар қала бойынша тағы 8 оқу орындарында оқу жаттығулар пысықталды:

-Алмалы ауданындағы №147 Гимназия халықты  эвакуациялай отырып, Алматы-2 вокзалына жеткізу;

- Түрксіб ауданындағы Химиялық  апатты жою бойынша іс-қимылдарды пысықтау;

- Алматы облысындағы "Жетісу" ТЖ станциясы басқа өңірлерден көмекке келетін ТЖ платформаларынан техниканы түсіріп қабылдау;

- Әуезов ауданындағы "Спутник Молл" СОО өртті сөндіру және жаппай болатын объектіде зардап шеккендерді құтқару бойынша іс-қимылдарды пысықтау;

- Алатау ауданындағы ЖЭО-2 және Жетісу ауданындағы "Асфальтобетон 1" ЖШС қауіпті өндірістік объектілердегі ТЖ жою бойынша іс-қимылдарды пысықтау;

-  Наурызбай ауданындағы №1 қалалық аурухана санитарлық шығындарды қабылдау пунктін орнату;

- Медеу ауданындағы "Абай" метро станциясы, Метрополитен станцияларында экстремалдық жағдайларда  іс-қимылдарды пысықтау.

Атап өту қажет, халықты құлақтандыру мақсатында алдағы  жалпықалалық сейсмикалық жаттығуға алдын ала дайындық жүргізілген. Мәселен, екі күннен бұрын телеарналар мен радиоарналарда хабарландыру басталып, алматылықтар оқу-жаттығуға қатысты эвакуациялау туралы ақпараттандырылып, ұсыныстар берілді.

Сейсмикалық оқу-жаттығу күні теле және радиоарналар сиреналық қондырғыларды іске қосу арқылы қалалық ескерту жүйесі іске қосылып, «ДАРМЕН» мобильді қосымшасы арқылы push-хабарламалар жіберілді», - деп Алматы қ. ТЖ Департаментінде ескертілді .

Сонымен қатар, Қызыл жарты ай еріктілерімен жер сілкінісі кезінде халықтың іс-әрекеті бойынша жадынамалар тарата отырып, сондай-ақ ТЖ жағдайына дабыл дорбасы жасақтау бойынша оқыту тренингтері өткізілді.

Қалада шартты түрде баспанасыз қалған адамдарғы 384 қабылдау пункті іс жүзінде орналастырылады.

Сілтемесі: https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-almaty/documents/details/379263?lang=kk

Барлық білім беру, денсаулық сақтау нысандары және қалада адамдар жаппай болатын (ОСС, сауда орталығы, СҮ) эвакуациялау үшін оқу элементтері әзірленеді, онда ТЖД қызметкерлері әдістемелік көмек көрсетеді және жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам» жадынамалар таратылады.

Сондай-ақ ол қауіпсіз орындар электр желілері мен ғимараттардан алыс ашық жерлер болып саналады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив