Cемей30°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
477.17 543.26 6.01

Платформалық жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті

Бүгін, 13:31 018.kz

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының төрағасы Қанат Шарлапаевтың төрағалығымен өткен платформалық жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысына қатысты.

Отырысқа ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының, мүдделі мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ірі отандық және халықаралық цифрлық платформалардың өкілдері қатысты.

Жұмыс тобы платформалық жұмыспен қамтуды реттеудің заманауи тәсілдерін қалыптастыру бағытындағы бірлескен жұмысын жалғастыруда. Негізгі мақсат – цифрлық еңбек нарығының дамуына, азаматтардың еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғауға, сондай-ақ платформалардың жұмысы мен ондағы жұмыскерлердің қызметіне қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік беретін ашық әрі түсінікті құқықтық тетіктерді қалыптастыру.

Отырысты ашқан ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев платформалық жұмыспен қамтуды дамыту еңбек нарығын трансформациялаудың маңызды бағыттарының бірі екенін атап өтті.

«Біздің міндетіміз – мемлекеттің, бизнестің және азаматтардың мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ететін, цифрлық экономиканың дамуына және заңды жұмыспен қамтудың жаңа мүмкіндіктерін қалыптастыруға ықпал ететін платформалық жұмыспен қамтуды реттеудің заманауи жүйесін қалыптастыру», – деді министр.

Отырыс барысында ҚР ЕХӘҚМ Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Лязат Ақтаева Платформалық жұмыспен қамтуды жүзеге асыру қағидаларының жобасын таныстырды.

Оның айтуынша, бүгінде халықаралық тәжірибе платформалық жұмыспен қамтуды тиімді реттеу тетіктерін қалыптастыруға бағытталған. Бұл жұмыскерлердің құқықтарын қорғау, лайықты еңбек жағдайлары, әлеуметтік қорғау, алгоритмдік басқарудың ашықтығы мен еңбек нарығының барлық қатысушыларының мүдделерінің әділ теңгерімін қамтамасыз етуді көздейді.

«Мемлекеттің міндеті – еңбек нарығындағы өзгерістерге дер кезінде ден қою, жұмыспен қамтудың жаңа нысандарын дамытуға жағдай жасау және сонымен қатар азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сенімді қорғалуын қамтамасыз ету», – деді Лязат Ақтаева.

Қағидалар жобасын әзірлеу барысында мемлекеттік органдар мен интернет-платформалар өкілдерінің ұсыныстары ескерілді. Талқылау аясында барлығы 210 ұсыныс пен ескерту келіп түсті. Олардың басым бөлігі құжаттың жетілдірілген редакциясына енгізіліп, жобаның мазмұнын түсінікті әрі практикалық тұрғыдан тиімді етуге мүмкіндік берді.

Отырысқа қатысушылар платформалық жұмыспен қамту саласындағы салықтық әкімшілендіру мәселелеріне және еңбек нарығының барлық қатысушылары арасындағы өзара іс-қимыл тетіктерін одан әрі жетілдіруге де ерекше назар аударды.

Отырыс қорытындысы бойынша платформалық жұмыспен қамту саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөніндегі бірлескен жұмыстың алдағы бағыттары айқындалды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив