Cемей3°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
452.59 507.67 5.48

OTS-SAT спутниктік жобасын іске асыру барысы талқыланды

30-07-2026, 17:04 018.kz

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Омуралиевпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар ТМҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы технологилық ынтымақтастықты дамытудың маңызды кезеңі болып табылатын Ұйымның алғашқы бірлескен спутниктік жобасы – OTS-SAT-ты іске асыру мәселелерін талқылады.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев ғарыш аппаратын әзірлеуді Астанадағы Ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешені базасында қазақстандық инженерлер мен мамандар жүргізіп жатқанын атап өтті. Қазіргі уақытта спутниктің инженерлік моделі толық жиналды, жоба бекітілген кестеге сәйкес іске асырылуда, ал ғарыш аппаратын ұшыру 2027 жылға жоспарланған.

Жобаны іске асыру жөніндегі Негіздемелік келісімді дайындауға, сондай-ақ қаржыландыру және спутникті ұшыруды ұйымдастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша Жаслан Мәдиев OTS-SAT жобасының сәтті жүзеге асуы Түркі мемлекеттері ұйымының алғашқы практикалық ғарыш жобасы болатынына, түркі елдерінің технологиялық серіктестігін нығайтып, бірлескен ғарыш бастамаларын дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенім білдірді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив