Cемей32°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
474.63 544.5 5.92

Аягөз қаласындағы маңызды нысандарды қадағалады

Бүгін, 13:31 Думан Кенжеғазыұлы

Облыс әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев аймақ басшысы Берік Уәлидің тапсырмасына сәйкес Аягөз қаласындағы теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмысын қадағалап, «Сәуле» жылу қазандығында болды.

Қазіргі таңда теміржол вокзалы заманауи талаптарға сай қайта жаңғыртылып жатыр. Реконструкция нәтижесінде вокзал ғимаратының ауданы 799,4 шаршы метрден 1274 шаршы метрге дейін ұлғаяды. 

Осы уақытқа дейін Аягөз станциясында жолаушыларға қызмет көрсету үшін бір ғана перрон пайдаланылып келді. Станцияны қайта жаңғырту барысында бірінші және екінші темір жолдарының арасына жаңа перрон салынады. Бұл өзгеріс жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттырып, пойыздарға қауіпсіз әрі қолайлы отырғызу мен түсіруді қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, қарт адамдар мен кішкентай балалары бар аналарға қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінеді. Ғимараттарда арнайы санитарлық тораптар, ана мен бала бөлмелері, пандустар мен тактильді бағыттаушы элементтер қарастырылады.

Облыс әкімінің орынбасары  мердігерлерге құрылыс қарқынын арттыруды тапсырды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының вокзал инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасы аясында республика бойынша 124 теміржол вокзалы жаңғыртылуда. Осы бағдарлама шеңберінде Абай облысында 10 вокзалды қайта жаңғырту жоспарланған. Жуықта Бородулиха ауданындағы Ауыл және Белағаш теміржол вокзалдары пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта өңірдегі Семей, Шар, Ақтоғай, Жалаңашкөл, Дегелең, Үшбиік және Жарма станцияларында жаңғырту жұмыстары жалғасуда.

Аягөз қаласындағы «Сәуле» жылу қазандығы 2003 жылы пайдалануға берілген. Жылу жүйесінің ұзындығы – 1,6 шақырым. Қазандықтың жалпы қуаты – 1,6 Гкал/сағ, ал қосылған қуаты – 1,9 Гкал/сағ. Қазіргі таңда қазандық 185 абонентті жылумен қамтамасыз етеді. Оның ішінде 7 көпқабатты тұрғын үй, 7 жеке тұрғын үй, 8 мемлекеттік мекеме, 11 заңды тұлға және 215 жеке тұлға бар.

Жылу көзі «Қаражыра» көмірімен жұмыс істейді. Қысқы кезеңде мұнда 9 қызметкер еңбек етеді. Қазандықта 2003 жылдан бері күрделі жөндеу жүргізілмеген. Негізгі құрылымдарының тозуы жоғары. Ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туындап отыр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив