Cемей25°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
475.38 547.73 5.93

Олжас Бектенов ExxonMobil Upstream компаниясының президенті Дэн Амманмен мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Бүгін, 13:55 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов ExxonMobil Upstream компаниясының президенті Дэн Амманмен кездесу өткізді. Онда ынтымақтастықтың өзекті мәселелері және мұнай-газ саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру барысы, сондай-ақ инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейту перспективалары талқыланды.

Олжас Бектенов ExxonMobil компаниясының Қазақстандағы мұнай-газ секторы әлеуетін нығайтуға қосқан үлесін атап өтті. Үкімет өзара тиімді әріптестікті нығайтуға, қолданыстағы жобаларды табысты жүзеге асыруға және ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін қалыптастыруға мүдделі.

Дэн Амманн ExxonMobil компаниясының Қазақстандағы қызметінің келешегіне қатысты жоспарларын ұсынып, компанияның еліміздің мұнай-газ саласындағы ұзақмерзімді қатысуын сақтауға ниетті екенін растады.

Жиын барысында заманауи технологияларды енгізуге, өндірістік процестердің тиімділігін арттыруға және геологиялық барлау жұмыстарын дамытуға көңіл бөлінді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екенін жеткізді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив