Cемей32°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
475.38 547.73 5.93

Сыртқы істер министрінің орынбасары Қытайдың Қазақстандағы Елшісімен кездесті

Бүгін, 12:46 018.kz

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Қытай Халық Республикасының Елшісі Хань Чуньлиньді қабылдады.

Келіссөздер барысында тараптар қазақ-қытай ынтымақтастығының түрлі салалардағы өзекті мәселерін талқылап, оны одан әрі дамыту келешектері туралы пікір алмасты.

Кездесу барысында тараптар биылғы жылы биік және жоғары деңгейде өткен келіссөздер барысында қол жеткізілген уағдаластықтарға ерекше назар аударды. Сонымен қатар, биыл өтетін іс-шаралар мен сапарлардың кестесі талқыланды және жоғары халықаралық пен аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, соның ішінде көпжақты алаңдардағы күш-жігерді үйлестіру бойынша пікір алмасты.

Кездесу соңында тараптар тұрақты байланыстарды қолдап отыруға және өзара қызығушылық тудыратын барлық бағыттар бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив