Подхозная көшесіндегі мәселелер назарға алынды
Тұрғындарды жеке қабылдау барысында Подхозная көшесінің тұрғыны көшеге қатысты бірқатар өзекті мәселелерді көтерген болатын. Осыған байланысты қала әкімі Әділет Қожанбаев тұрғындарға берген уәдесіне сәйкес аталған көшеге арнайы барып, жергілікті тұрғындармен кездесті.
Кездесу барысында тұрғындар көше жолының жай-күйі мен жарықтандыру мәселесін көтерді. Олардың айтуынша, жолдың ой-шұңқыры көлік қозғалысына да, жаяу жүргіншілерге де қиындық туғызуда. Сонымен қатар көшеде жарықтандырудың болмауы кешкі уақытта тұрғындардың қауіпсіздігіне алаңдаушылық тудыратыны айтылды.
Қала әкімі жауапты бөлімдерге көше жолын тегістеу жұмыстарын жүргізуді және жарықтандыру жүйесін орнату бойынша қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.
Кездесу барысында тұрғындар орталықтандырылған ауызсу жүйесіне әлі күнге дейін қосылмаған үйлердің мәселесін де көтерді.
«Ең алдымен, орталықтандырылған ауызсу жүйесіне қосылмаған барлық үйлердің нақты тізімін жасау қажет. Жауапты бөлімдер мен коммуналдық мекеме мамандары әрбір тұрғынның үйіне барып, жағдайды зерделесін. Соның нәтижесінде қажетті жобаны әзірлеу керек. Бұл мәселе бақылауда болады», – деді Әділет Қожанбаев.
Қала әкімі тұрғындар көтерген мәселелердің шешілу барысын бақылауда ұстайтынын атап өтті.





