«Әділет» кандидаттары Абай облысындағы сапарының басында ақынның ескерткішіне барды
«Әділет» партиясының кандидаттары Абай облысындағы сапарының басында қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайдың Семейдегі ескреткішіне гүл шоқтарын қойды. Абай күнінде олар ақынға тағзым ете отырып, қала тұрғындарымен бірге оның ең әдемі әндерінің бірі – «Көзімнің қарасын» бірге шырқады.
Абайдың мұрасы әлі күнге дейін ілім, білім мен адам дамуының негізгі өзегі болып қалып отыр.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та білімді, ойшыл және жауапты ұрпақ өсіру туралы көп айта келе, кітап, қоғамды ағарту мен оны интеллектуалды тұрғыдан дамытуға көп көңіл бөледі.
Интеллектуалды қоғам қалыптастыру идеясы партияның «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасында да көрініс тапқан. Бағдарламада кітап оқу мәдениетін дамыту, кітапты насихаттау және азаматтардың білімге де құштарлығын оятуға ерекше көңіл бөлінген.
Ақынның білім мен ілім туралы идеясына қатысты Абай ескерткішінің жанында әңгіме XXI ғасырдағы сауатты адам, яғни, білімді, ақпаратпен жұмыс істей алатын және жаңа технологияларды игерген адамның болмысына қатысты ойлармен жалғасты.
Осы кездесудегі ең әсерлі сәт – «Көзімнің қарасы» әні шырқалған кез еді. Өйткені, Семейдің 300 тұрғыны «Әділет» партиясының кандидаттарымен бірге алдын ала дайындалмай-ақ әр қазақ сөзін жатқан білетін Абайдың осы әнін шырқап шықты.
«Әділет» партиясының Республикалық сайлауалды штабының Абай облысындағы сапары осындай әсерлі сәттен басталды. Кандидаттар енді аймақтың жұртшылығымен кездесіп, бірнеше кездесу өткізеді.
Дайындаған:
«Әділет» партиясының баспасөз қызметі.
«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.
Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.








