Темекі шегу – денсаулыққа қауіпті әдет
Темекі шегу – адам денсаулығына елеулі зиян келтіретін кең таралған зиянды әдеттердің бірі. Темекі түтінінің құрамында ағзаға кері әсер ететін көптеген улы және канцерогенді заттар бар. Никотин тәуелділік қалыптастырып, темекіден бас тартуды қиындатады.
Темекі өнімдерін тұрақты тұтыну жүрек-қан тамырлары аурулары, тыныс алу жүйесінің сырқаттары және өкпе қатерлі ісігі сияқты ауыр аурулардың қаупін арттырады. Темекінің зияны оны тұтынатын адамның өзіне ғана емес, айналасындағы адамдарға да әсер етеді.
Пассивті темекі түтініне ұшырау да денсаулыққа қауіп төндіреді.Әсіресе жастар арасында темекіге тәуелділіктің алдын алу маңызды. Бұл бағытта елімізде темекі өнімдерін тұтынуды азайтуға, олардың қолжетімділігін шектеуге және халыққа зияны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуге бағытталған шаралар жүзеге асырылуда.
Салауатты өмір салтын қалыптастырудың ең дұрыс жолы – темекіден бас тарту және денсаулыққа пайдалы әдеттерді қалыптастыру.
Темекіден бас тарту кез келген жаста денсаулыққа оң әсер береді.Денсаулық – адам өміріндегі ең қымбат құндылық. Оны қорғау әр адамның өзінен басталады.