Cемей-7°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

С. Жұманғарин мен В. Вэньтао сауда-экономикалық зерттеулер туралы меморандумға қол қойды

18-05-2023, 09:48 Думан Кенжеғазыұлы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары аясында Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігі мен ҚХР Коммерция министрлігі сауда-экономикалық зерттеулер саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Құжатқа Қазақстан тарапынан Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин, Қытай тарапынан – Қытайдың коммерция министрі Ван Вэньтао қол қойды.

Меморандум Қазақстан-Қытай сауда-экономикалық ынтымақтастығын сапалы жаңа деңгейде одан әрі ілгерілетуге және дамытуға, оның ішінде екі елдің ғылыми ұйымдары арасындағы әріптестік байланыстарды үйлестіруге бағытталған.

Құжат «Сауда-экономикалық стратегиялар орталығы» Қоғамдық Қоры (Қазақстан) мен ҚХР коммерция министрлігінің Халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық академиясы арасында қажетті зерттеулер, бірлескен талдамалық және басқа да шолулар жүргізуді, озық тәжірибе мен ақпарат алмасуды көздейді. Зерттеу бағыттары – бизнес-ортаны жақсарту тұрғысынан екіжақты сауда, электрондық коммерцияны, Қазақстан мен Қытайдың транзиттік және логистикалық әлеуетін дамыту, арнайы экономикалық аймақтар институтын жетілдіру, «жасыл» даму, жаңа энергетика және екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың басқа да маңызды мәселелері.

Сондай-ақ өзара түсіністік туралы меморандум сауда-экономикалық зерттеулер саласындағы ынтымақтастықты ынталандыруға ықпал етуге және өзара сауданың әлеуетін арттырудың тәсілдері мен тетіктері бойынша ұсыныстар әзірлеуге, инновациялық дамуға жәрдемдесуге, жаңа технологияларды пайдалануға бағытталған және басқа да бірлескен іс-шараларды өткізу мүмкіндігі қарастырылған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив