Cемей25°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
463.41 546.27 6.18

ЖОО-ға грантқа түсуге ниет білдірушілер үшін ҰБТ басталды

18-05-2023, 10:47 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін, 18 мамырда Қазақстанда ЖОО-ға грантқа түскісі келетіндер үшін ҰБТ басталды. Биылғы оқу жылында Абай облысында мектепті 4 518 адам бітіреді, оның 179 – ы «Алтын белгі» белгісіне, 441-і «Үздік аттестатқа» үміткер. 

Ұлттық бірыңғай тестілеуден 89% немесе 4 034 түлек өтуге шешім қабылдады , оның 3 181 – і қазақ тілінде, 853-і орыс тілінде.

Айта кетейік, жоғары оқу орындарына түсу үшін ҰБТ грантына 18 мамырдан 5 шілдеге дейін екі рет өткізіледі. Семейде қаласында оны Глинки көшесі, 73 «Г»мекенжайындағы Семашзавод ғимаратында тапсырады.

ЖОО-да ақылы негізде оқығысы келетіндер тамыз айында тестілеуден өте алады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив