Cемей23°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
458.48 534.68 5.43

Жалған iPhone ұтысы: Ақмолада киберполиция алаяқтық фактісін тергеп жатыр

Бүгін, 16:17 018.kz

Ақмола облысы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері азаматтарға жалған ұтыс ұйымдастырып, iPhone смартфонын алу сылтауымен алаяқтық жасаған күдіктіні анықтады.

Қазіргі уақытта екі жәбірленуші анықталды. Олар — Ақмола облысы Бурабай ауданының және Алматы облысының тұрғындары. Сонымен қатар киберполицейлер алданған азаматтардың саны бұдан да көп болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Тергеу барысында Жетісу облысының 33 жастағы тұрғынының бұған дейін тауарларды сату және жеткізумен ресми айналысатын ЖШС-да жұмыс істегені анықталды. Жұмыстан шыққаннан кейін ер адам компанияның клиенттік базасын заңсыз иемденіп, сол арқылы аталған компаниядан бұрын тауар сатып алған азаматтармен байланысқа шыққан.

Күдікті азаматтарға олардың ұтыс ойынының жеңімпазы атанғанын және iPhone смартфонын ұтып алғанын айтқан. Алайда “жүлдені” жеткізу үшін 55 мың теңге көлемінде ақы төлеу қажет екенін хабарлаған.

Жәбірленушілер бұған дейін осы компанияның қызметтерін пайдаланғандықтан, қоңыраулар мен ұтыс туралы ақпарат оларға күдік тудырмаған. Қаскөйдің сөзіне сенген азаматтар көрсетілген соманы оған берілген деректемелер арқылы аударған.

Қазіргі уақытта осы дерек бойынша тергеу жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы, сондай-ақ күдіктінің құқыққа қайшы әрекетінің ықтимал қосымша эпизодтары анықталуда.

Киберполицейлер азаматтарға күтпеген жерден хабарланған ұтыстарға сенбеуге кеңес береді. Әсіресе “жүлдені” алу үшін алдын ала ақша аударуды талап ететін жағдайларға сақ болған жөн.

Ақпараттың рас-өтірігін ұйымның ресми байланыс арналары арқылы өз бетінше тексеру қажет. Сондай-ақ бөгде адамдарға банк картасының деректерін, SMS-кодтарды және басқа да құпия ақпаратты бермеңіз.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив