Cемей26°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
458.87 535.09 5.42

ІІМ: 14 жыл бұрынғы қылмыс ДНҚ сараптамасы арқылы ашылды

Бүгін, 10:27 018.kz

Павлодар облысында 14 жыл бұрынғы болған қылмыс ДНҚ сараптамасы арқылы ашылды.

Қазақстанның жаңа Конституциясында адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде белгіленген.

Полиция үшін басты міндет – шындықты анықтау және қылмыс жасаған адамды жауапкершілікке тарту.

Қылмыс бұрын жасалғанына қарамастан, бұл жұмыс тоқтамайды. Өткен жылдардағы қылмыстарды ашуда заманауи криминалистиканың мүмкіндіктері тиімді.

Мысалы, Павлодар облысында 14 жыл бұрын жасалған қылмыс ашылды.

2012 жылы бау-бақша қоғамдастығының аумағында 62 жастағы әйел зорланып, өлтірілген. Сол кезде қылмыскерді анықтау мүмкін болмады. Бірақ істі ашу бойынша жұмыс жалғасты.

Жедел қызметкерлер мен криминалистер істі қайта зерделеді. Тексеру нәтижесінде күдікті анықталды. Ол 1964 жылы туған, бұрын сотталған ер адам болып шықты.

ДНҚ сараптамасы оның қылмысқа қатысы бар екенін растады. Ер адам кінәсін мойындады. Ол ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.

Полиция өткен жылдардағы қылмыстар ашу бойынша жұмысты жалғастырады.

Қылмыс жасаған адам заң алдында жауап береді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив