«Қазқұтқару 2023» аясында пилотсыз авиацияны қолдану бойынша мастер-тренинг өтті
15-17 мамыр аралығында Алматы облысының «Тамғалы Тас» шатқалындағы ТЖМ «Жартасты қала-Астана» оқу-жаттығу полигонында «Қазқұтқару 2023» Халықаралық жиын-семинарының I – ші кезеңі аясында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі міндеттерді орындау үшін пилотсыз авиацияны қолдану бойынша мастер-тренинг өткізілді.
Іс-шараны Төтенше жағдайлар министрлігі Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымы мен Төтенше жағдайлар және табиғи апаттар қаупін азайту орталығының қолдауымен құтқарушылардың зардап шеккендерді іздеу, төтенше жағдай орнындағы жедел жағдайды бағалау, жергілікті жердің рельефін зерттеу, қар көшкін, көшкін және су тасқыны жағдайын бақылау үшін пилотсыз ұшу аппараттарын қолдану дағдыларын жетілдіру мақсатында ұйымдастырды.
Екі халықаралық IT маманы, ХАҚҰ ақпараттық технологиялар жөніндегі менеджері С. М. Беляев, ХАҚҰ мониторингі мен үйлестірудің халықаралық орталығына жауапты С. А. Леденцов және Төтенше жағдайлар және табиғи апаттар қаупін азайту орталығының екі жаттықтырушысы Б. М. Оспанов және А. Г. Оспанов Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Қырғызстан төтенше ведомстволарының 51 қызметкерін оқытты.
Тренинг төрт ел командаларының мамандарына ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдануда теориялық және практикалық тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.
Тренинг қорытындысы бойынша қатысушылар арасында 5 дистанциядан тұратын жарыстар өткізілді: «Теория», «Ең аз уақыт ішінде кедергілермен трассадан өту», «Зардап шегушіге шағын көлемді жүкті жеткізу», «Күндізгі іздеу» және «Түнгі іздеу».
Жарыс қорытындысы бойынша үшінші орынды Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының ТЖД өкілдерінен құралған команда, екінші орынды Алматы қаласы ТЖД, Қырғызстан және Тәжікстан ТЖМ өкілдерінен құралған команда, үшінші орынды Ақтөбе облысы ТЖД және Республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлерінен құралған команда иеленді.
Жеңімпаздар грамоталармен марапатталды, ал барлық қатысушыларға Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымының дайындық курстарынан сәтті өткендігі туралы сертификаттары берілді.