Cемей7°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
464.77 541.36 5.41

Абай облысы лингвистика орталығының директоры Қуандық Кенжебекұлы «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды

Бүгін, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

2026 жылғы 28 тамызда Ұлытау облысының Жезқазған қаласында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті мен Ұлытау облысының әкімдігі бірлесіп ұйымдастырған «Мемлекеттік тіл саясаты: ғылым және креативті индустрия» тақырыбында республикалық семинар-кеңес өтті.

Іс-шара барысында мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге және тіл мәдениетін дамытуға елеулі үлес қосып жүрген азаматтарға арнайы марапаттар табысталды.

Солардың қатарында Абай облысы лингвистика орталығының директоры Қуандық Кенжебекұлы да бар. Ол Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Аталған төсбелгі – қазақ тілін дамыту мен дәріптеуге, мемлекеттік тілдің қоғамдық қолданыс аясын кеңейтуге және тіл саясатын іске асыруға қосқан елеулі еңбекті бағалайтын ведомстволық марапат.

Бұл марапат – Қуандық Кенжебекұлының мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, қазақ тілін кеңінен насихаттау және тіл саясатын жүзеге асыру бағытындағы еңбегіне берілген жоғары баға.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив