Cемей16°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
462.31 536.09 5.34

Алакөлге апаратын теміржол вокзалы заман талабына сай жаңартылып ел игілігіне берілді

Бүгін, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысының Мақаншы ауданында Жалаңашкөл теміржол вокзалы толық жаңғыртылып, пайдалануға берілді. Нысанның ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев қатысты.

Жаңғырту жұмыстары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының вокзал инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Бағдарлама шеңберінде республика бойынша 124 вокзалды, оның ішінде Абай облысындағы 10 теміржол вокзалын жаңарту көзделген.

Жалаңашкөл теміржол вокзалы 1958 жылы салынған. Жаңғырту барысында ғимараттың аумағы 89 шаршы метрден 527 шаршы метрге дейін ұлғайтылып, нысанның жалпы көлемі шамамен төрт есеге артты. Вокзалдың ішкі бөлмелері қайта жабдықталып, жолаушыларды күту және қызмет көрсету орындары заманауи талаптарға сай жасақталды. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін нысанды кедергісіз пайдалануға қажетті жағдайлар қарастырылды.

Қазіргі таңда Жалаңашкөл вокзалы арқылы тәулігіне орта есеппен 118 жолаушы өтеді. Станция Мақаншы ауданының көлік қатынасында маңызды орын алады. Мұнда «Астана–Достық», «Алматы–Достық», «Ақтоғай–Достық» бағыттарындағы пойыздар, сондай-ақ жазғы маусымда «Семей–Жалаңашкөл» туристік пойызы қатынайды.

Жалаңашкөл вокзалы – биыл Абай облысында жаңғыртылып, пайдалануға берілген жетінші теміржол вокзалы.

Бұған дейін маусым айында Бородулиха ауданындағы Ауыл және Белағаш станцияларындағы вокзалдар жаңартылып, пайдалануға берілген болатын. 27 тамызда Курчатов қаласындағы Дегелең станциясының жаңа вокзалы жолаушыларға қызмет көрсете бастады. Ал кеше облыс әкімі Берік Уәлидің қатысуымен Жарма ауданындағы Шар, Үшбиік және Жарма станцияларындағы жаңартылған теміржол вокзалдарының ашылу рәсімі өтті.

Жыл соңына дейін Семей және Аягөз қалаларындағы, сондай-ақ Ақтоғай кентіндегі теміржол вокзалдарын пайдалануға беру жоспарланған.

Вокзалдарды жаңғыртудың негізгі мақсаты – тұрғындар мен жолаушыларға қолайлы жағдай жасау, нысандардың қауіпсіздік деңгейін арттыру және теміржол инфрақұрылымын заманауи талаптарға сәйкестендіру.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив