Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
458.45 531.39 5.29

Қазақстан мен Оман сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады

Бүгін, 13:31 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Оман Сұлтандығы Сыртқы істер министрінің орынбасары Халифа әл-Харисимен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Оман ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

Тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың қолданыстағы тетіктерінің маңыздылығын атап өтті. Атап айтқанда, 2025 жылғы желтоқсанда өткен Қазақстан Республикасы мен Оман Сұлтандығы арасындағы Үкіметаралық комиссияның бірінші отырысының нәтижелілігі аталып өтті. Осы тұрғыда тараптар Үкіметаралық комиссияның екінші отырысын өткізуге дайындық мәселелерін талқылады.

Іскер топтар арасындағы байланыстарды жандандыру, инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейту және бірлескен жобаларды ілгерілету мақсатында Қазақстан-Оман іскерлік кеңесін, сондай-ақ бірлескен инвестициялық қор құру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Экономикалық күн тәртібі аясында тараптар энергетика, тау-кен өнеркәсібі, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, туризм және жаңа технологиялар салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту үшін елеулі әлеует бар екенін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан-Оман қатынастарын одан әрі нығайтуға мүдделілігін растады және ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын ілгерілету бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив