Қазақстан Республикасының Елшісі Румыния Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Қазақстан Республикасының Румыниядағы Елшісі Амангелді Саинов Румыния Президенті Никушор Данға сенім грамоталарын тапсырып, өзінің дипломатиялық міндеттерін ресми түрде атқаруға кірісті.
Румыния Президенті Елшіні тағайындалуымен құттықтап, жауапты дипломатиялық миссиясын орындауда табыс тіледі, сондай-ақ Қазақстан мен Румыния арасындағы достық және сындарлы қатынастардың одан әрі дамитынына сенім білдірді.
Өз кезегінде Елші Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Мемлекет басшысына сәлемі мен ізгі тілектерін жеткізіп, Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының өткен сайлауының қорытындылары туралы таныстырды.
Кездесу барысында қазақ-румын қатынастарының жай-күйі мен перспективалары жөнінде пікір алмасу өтті. Тараптар саяси диалогтың оң динамикасын және практикалық өзара іс-қимылды одан әрі кеңейту үшін елеулі әлеуеттің бар екенін атап өтті.
Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға, жаңа бірлескен жобаларды іске асыруға, сондай-ақ көлік-логистикалық байланыстарды нығайтуға ерекше назар аударылды. Экономикалық әріптестікті одан әрі дамытуда іскер топтар мен өңіраралық ынтымақтастықтың маңызды рөлі атап өтілді.
Энергетика саласындағы өзара іс-қимыл, оның ішінде Қазақстанның Румыния мен Еуропаның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі бөлек талқыланды. Осыған байланысты қазақстандық мұнайдың еуропалық нарықтарға жеткізілімдерінің және екі ел арасындағы сенімді энергетикалық әрі көлік бағыттарын одан әрі дамытудың маңыздылығы атап өтілді.
Сұхбаттасушылар сондай-ақ мәдениет, білім және ғылым салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын қарастырды.
Кездесу соңында тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту жөніндегі бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екендерін растады.