Cемей-5°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
451.05 504.95 5.6

Журналистерді Құрылтайдың бірінші сессиясына аккредиттеу басталды

8-09-2026, 13:55 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасының I шақырылымдағы Құрылтайының бірінші сессиясына БАҚ өкілдерін тұрақты аккредиттеу басталды.

Журналистерді аккредиттеу «Масс-медиа туралы» заңға, Мәдениет және ақпарат министрінің Журналистерді (БАҚ өкілдерін) аккредиттеудің үлгілік қағидаларына, сондай-ақ 2026 жылғы 7 қыркүйекте Құрылтай Бюросының қаулысымен бекітілген Құрылтай жанынан журналистерді (БАҚ өкілдерін) аккредиттеу қағидаларына сәйкес жүргізілуде.

БАҚ өкілдерін аккредиттеу үшін Аккредиттеу қағидаларының қосымшасына сәйкес, 2026 жылғы 22 қыркүйекке дейін бас редактордың немесе бұқаралық ақпарат құралы меншік иесінің қолы қойылған өтінішті pressa@quryltai.kz электронды мекен-жайына жолдау қажет.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив