Cемей25°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
486.47 554.77 6.26

АЯГӨЗ АУДАНЫНДА АРДАГЕРЛЕР ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

2-02-2023, 11:07 Думан Кенжеғазыұлы
Аягөз ауданының «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» мәдениет үйінде ардагерлерге арналған орталықтың ашылу салтанаты өтті.
 
Орталықтың ашылу салтанатына аудан әкімі С. Ысқақов және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан ақсақалдар қатысты.
 
Аталған орталық, жергілікті бюджет есебінен түрлі тренажерлар, кітап оқу алаңы, шахмат ойынына арналған үстелдермен жабдықталған.
 
Аягөз ауданындағы 9 мыңға жуық ардагер үшін бұл орталықтың ашылуы үлкен қуаныш.
 
Орталық құрметті еңбек демалысына шыққан барлық еңбек ардагерлерінің басын біріктіретін бірегей ортаға айналмақ. Мұнда ардагерлердің бос уақыттарын тиімді өткізуге мол мүмкіндік жасалған. Салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен де шұғылдана алады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив