Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

Қазақстан мен Мажарстан экономикалық ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыруда

20-05-2023, 12:45 Думан Кенжеғазыұлы

Алматыда «Еуропалық Одақ – Орталық Азия» II Экономикалық форумы алаңында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Мажарстанның Сыртқы істер және сыртқы сауда министрі Петер Сийартомен келіссөздер жүргізді.

Кездесу барысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты, өнеркәсіпті, энергетиканы және білім беруді одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Ә.Қуантыров атап өткендей, қазақстандық делегацияның Мажарстандағы "Пакш" атом электр станциясына сапар нәтижелі болғанын атап өтті. Оның барысында атом энергетикалық объектілерін салудың озық тәжірибесі зерделенді. Министр венгр әріптестеріне білім беру грантын жыл сайын 50-ден 250-ге дейін жеткізгендері үшін алғыс айтты. Қазақстандықтар Stipendium Hungaricum стипендиялық бағдарламасы аясында жетекші жоғары оқу орындарында оқи алады.

Сондай-ақ, тараптар мұнай мен газ жеткізуді ұлғайту мүмкіндігін талқылады.

Сонымен қатар, екіжақты тауар айналымының көлемін ұлғайту перспективалары қарастырылды. Ә.Қуантыров Мажарстан Қазақстанның Еуропадағы негізгі серіктестерінің бірі екенін жеткізді.

Екі ел арасындағы сауда көлемі 2022 жылы 19,9%-ға өсіп, $172,2 млн-ға жетті. Бүгінгі таңда ҚР-да 32 венгерлік компания және ауыл шаруашылығы, сауда, құрылыс және тау-кен өнеркәсібі саласында 39 бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Соңғы 17 жылда Мажарстан отандық экономикаға $308 млн инвестиция салған.

«Біз Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның, Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы кеңесінің аясында ынтымақтастықты табысты жалғастырып келеміз. Бұл екіжақты экономикалық байланыстарды дамытудың тиімді алаңдары», - деді министр.

Министр энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған Транскаспий халықаралық көлік маршрутының маңыздылығы туралы айтып берді. Сондай-ақ, климаттық және инфрақұрылымдық кедергілерге қарамастан электр көліктерін дамыту туралы сөз қозғалды.

Өз кезегінде П.Сийарто мырза Қазақстан мен Мажарстан арасындағы ынтымақтастыққа жоғары баға беріп, экономикалық дамудың үлкен әлеуеті бар екеніне сендірді.

Келіссөздер соңында Ә.Қуантыров Мажарстан өкілдерін 8-9 маусымда өтетін Астана халықаралық форумына шақырды, Қазақстан-Мажарстан экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы - Мажарстанның Қаржы министрі Михай Варга форумға қатысады деп күтілуде.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив