Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
447.88 516.58 5.29

Абай облысында жол сапасы 1,5 есеге артты

Бүгін, 19:30 018.kz

«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Абай облыстық филиалы 2026 жылдың басынан бері өңірдегі жол құрылысы және жөндеу нысандарына кешенді бақылау жүргізіп келеді. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде жол сапасының көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есеге артқан.

Жыл басынан бері филиал мамандары белгіленген 47 нысанға 442 рет барып, жоспарланған жұмыстарды 100% сапа сараптамасымен қамтыды.

Зертханалық тексеру үшін 1409 сынама алынды. Оның 115-і, яғни 8 пайызы нормативтік-техникалық құжаттама талаптарына сәйкес келмеген. Қазіргі таңда талапқа сай болмаған сынамалардың 34-і қайта қалпына келтірілді.

Сонымен қатар, анықталған 47 ақаудың 29-ы немесе 62 пайызы толық жойылды. Қалған ақаулар нысандар пайдалануға берілгенге дейін Көлік министрлігі бекіткен әдістемелік ұсынымдарға сәйкес қалпына келтіріледі.

«2025 жылмен салыстырғанда нормативтерге сәйкес келетін сынамалар саны 1,6 есеге өсті, ал анықталған ақаулар саны 1,3 есеге азайды. Бұл жол мердігерлерінің жауапкершілігі артып, бақылау талаптарының күшейтілгенін көрсетеді», – дейді «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» Абай облыстық филиалының директоры Мейіржан Бауыржанұлы.

Филиал мамандары облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен бірлесіп, өңірдегі 22 асфальтбетон зауытына тексеру жүргізді. Тексеру барысында өндірілетін асфальтбетон қоспаларының сапасы зерттеліп, тиісті мәліметтердің барлығы Жол-құрылыс материалдарының бірыңғай базасына енгізілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив