Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
446.56 512.34 5.3

Құрылтайда ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисімен ынтымақтастық перспективалары талқыланды

Кеше, 12:17 Думан Кенжеғазыұлы

Құрылтай депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Дана Медеуова ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисінің басшысы Алексей Роговпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар заң шығару саласындағы қазіргі өзара іс-қимыл мен алдағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

– Біздің әріптестігіміздің негізінде Астана декларациясында бекітілген қауіпсіз қоғамдастық құруға деген ортақ ұмтылыс жатыр. Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттары  ЕҚЫҰ және оның институттарымен нәтижелі өзара іс-қимылға үлкен мән береді және ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы аясындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті, – деп атап өтті Дана Медеуова.

Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің құзыретіне жататын бағыттарға ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, халықаралық және өңірлік қауіпсіздік, трансшекаралық сын-қатерлерге қарсы іс-қимыл, қоршаған ортаны қорғау, адами өлшем және осы салалардағы заңнаманы жетілдіру мәселелері талқыланды.

Өз кезегінде, Алексей Рогов ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисі Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін білдіріп, бірлескен жобаларды іске асыруға дайын екенін растады.

Кездесуге қатысушылар ынтымақтастықтың өзекті бағыттары бойынша сындарлы диалогты одан әрі жалғастырудың маңызын атап өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив