Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
446.56 512.34 5.3

Әлихан Бөкейхан Университетінде күн электр станциясы іске қосылды

Кеше, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

Әлихан Бөкейхан Университеті орнықты даму қағидаттарына сәйкес инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстарын жалғастыруда. Қазіргі таңда кампус ғимаратының шатырына жалпы қуаты 59 кВт болатын 96 күн панелі орнатылды.

Алдын ала есептеулерге сәйкес, станция жылына шамамен 60 мың кВт·сағ электр энергиясын өндіреді және оған қосылған нысандардың электр энергиясына деген қажеттілігінің 50%-на дейін қамтамасыз етеді. Жаңартылатын энергия көзін пайдалану нәтижесінде көмірқышқыл газы шығарындылары жыл сайын шамамен 31 тоннаға қысқарады.

Күн электр станциясы кампусты энергиямен қамтамасыз етумен қатар, білім беру және ғылыми-зерттеу жұмыстарында да қолданылады. Студенттер фотоэлектрлік жүйелердің жұмыс істеу қағидаттарын зерттеп, электр энергиясын өндіру көрсеткіштерін талдай алады, сондай-ақ жаңартылатын энергетика мен энергия тиімділігі саласында жаңа шешімдер әзірлейді.

Жаңартылатын энергияны өздігінен өндіру, энергия тиімділігін арттыру және көміртек шығарындыларын азайту көрсеткіштері тұрақты даму саласындағы халықаралық рейтингтерде — QS World University Rankings: Sustainability, Times Higher Education Impact Rankings және UI GreenMetric World University Rankings көрсеткіштерінде ескеріледі. Осылайша, жобаның іске асырылуы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге өлшенетін үлес қосып, университеттің халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.

Жоба Қазақстандағы Fronius компаниясының сертификатталған серіктесі — Solar Asia компаниясы мен «Good Idea Group» ЖШС қолдауымен жүзеге асырылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив