Ақсуат аудандық ауруханасына жаңа медициналық көліктер берілді
Бүгін облыс әкімі Берік Уәли Ақсуат аудандық орталық ауруханасына жаңа санитариялық автокөліктердің кілтін табыстады.
Аудан тұрғындарына шұғыл медициналық көмек көрсету сапасын арттыру және жедел жәрдем бригадаларының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында Ақсуат аудандық орталық ауруханасына лизинг бағдарламасы арқылы 4 санитариялық автокөлік берілді. Атап айтқанда, JAC Sunray маркалы «А» санатындағы 2 автокөлік және «Газель-NEXT ГазА31R23» маркалы 2 автокөлік табысталды.
Жаңа көліктер аудандық ауруханаға, сондай-ақ, Ойшілік, Көкжыра және Жантікей ауылдарындағы дәрігерлік-емдеу пункттеріне бекітіледі.
Аймақ басшысы жаңа медициналық көліктер шалғай елді мекендердегі тұрғындарға жедел әрі сапалы медициналық көмек көрсету үшін маңызды екенін атап өтті.
Жаңа санитариялық автокөліктер аудан тұрғындарына 4-санаттағы шұғыл медициналық көмек шақыртуларына уақтылы қызмет көрсетуге, сондай-ақ, пациенттерді облыстық деңгейдегі медициналық ұйымдарға тасымалдауға мүмкіндік береді.
Аурухана қызметкерлері өз ризашылықтарын жеткізді.








