Арман Қырықбаев Халықаралық орыс тілі ұйымының бас хатшысы Наталья Бочаровамен кездесті
Астанада Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев Халықаралық орыс тілі ұйымының бас хатшысы Наталья Бочаровамен кездесті.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған бұл ұйымды құру бастамасы 2022 жылы Астанада өткен ТМД мемлекеттері басшыларының саммитінде қолдау тапты. Ұйымның негізгі міндеттерінің бірі – қатысушы елдердің гуманитарлық байланысын нығайтып, өзара ынтымақтастығын дамыту.
Кездесуде Арман Қырықбаев пен Наталья Бочарова мәдениет пен өнер саласындағы ынтымақтастықтың келешегін, кітап шығару ісін, сондай-ақ әдеби және фольклорлық мұраны кеңінен таныту жолдарын талқылады.
Кездесу соңында тараптар келешегі бар бірлескен жобаларды пысықтауға дайын екенін білдірді.
Тағыда оқыңыз
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияландыЖаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылдыҚазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жарияландыЖаңа жаһандық тәртіп жағдайында стратегиялық әріптестікті тереңдету туралы Қазақстан Республикасы Президенті мен Ресей Федерациясы Президентінің бірлескен мәлімдемесіҚазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың тарихы бай және болашағы жарқын