Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
441.89 502.56 5.19

Экономиканың нақты секторын цифрландыру бойынша Құрылтай тыңдауларына дайындық басталды

Бүгін, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

Құрылтайдың Цифрландыру, жасанды интеллект, ғылым және инновациялар комитетінде «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында экономиканың нақты секторларының цифрлық трансформациясы» тақырыбындағы алдағы Құрылтай тыңдауларына дайындық жөнінде кеңес өтті.

Комитет төрағасы Дархан Ахмедиевтің жетекшілігімен өткен жиынға депутаттар, министрліктер мен ведомстволардың, Ұлттық статистика бюросының, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің және Парламентаризм институтының өкілдері қатысты.

Кеңес барысында экономиканың негізгі салаларындағы цифрландырудың қазіргі деңгейі қаралды. Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин министрліктің осы бағыттағы негізгі көрсеткіштері туралы баяндама жасады.

Талқылау кезінде ауыл шаруашылығы мен энергетика салаларындағы цифрлық деректер көздерінің тапшылығы, ақпараттың едәуір бөлігінің қолмен, кестелік немесе құрылымдалмаған форматта жиналуы сияқты мәселелер көтерілді. Жиынға қатысушылар бұл жағдайдың деректерді жедел өңдеуге және тиімді басқарушылық шешімдер қабылдауға кері әсер ететінін атап өтті.

Депутаттар мен сарапшылар цифрлық трансформацияны жекелеген жобалармен шектемей, мемлекеттік органдар мен бизнес субъектілерінің жауапкершілігін нақтылай отырып, өзара сабақтас процесс ретінде жүзеге асыру қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар жиында кәсіпорындарды жаңғырту, цифрлық жүйелерді интеграциялау, бірыңғай стандарттарды енгізу және мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылын күшейту жөнінде бірқатар ұсыныс айтылды.

Кеңес қорытындысы бойынша тыңдауларға қажетті сараптамалық материалдарды жинақтап, нақты практикалық ұсыныстар әзірлеу жұмыстары жалғасатын болды.

Айта кетерлігі, алдағы Құрылтай тыңдауларында экономиканың цифрлық трансформациясының басым бағыттары, цифрлық инфрақұрылымды дамыту және өндірістік процестерге жасанды интеллект мүмкіндіктерін енгізу мәселелері талқыланады деп жаспарланып отыр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив