Алматыда Ермек Серкебаевтың 100 жылдығына арналған еске алу кеші өтті
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Қазақстанның халық әртісі, көрнекті опера әншісі, актер әрі педагог Ермек Серкебаевтың 100 жылдығына арналған «Дәуірдің жарық жұлдызы» атты еске алу кеші өтті.
Іс-шараға мәдениет және өнер қайраткерлері, әншінің туған-туыстары, шәкірттері, оқытушылар мен студенттер қатысты.
Кеш барысында Ермек Серкебаевтың өмірі мен шығармашылық жолы, қазақ операсы мен музыка өнерінің дамуына қосқан үлесі және ұстаздық қызметі кеңінен сөз болды. Өнер иесінің замандастары мен шәкірттері өз естеліктерін айтып, оның шығармашылық мұрасының құндылығын атап өтті.
Сонымен қатар Ұлттық кітапханада Ермек Серкебаевқа арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге оның сахнадағы шығармашылық жолы, өнердегі жетістігі мен қоғамдық қызметінен сыр шертетін басылымдар мен архив құжаттары қойылды.