Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
441.89 502.56 5.19

Халықаралық волонтерлер жылы аясында Таиландтағы экологиялық акцияға 20-дан астам дипломатиялық миссияның өкілдері қатысты

Бүгін, 16:41 018.kz

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы 2026 жылды Тұрақты даму мақсатындағы Халықаралық волонтерлер жылы деп жариялады. Осы орайда әлемнің әр елінде бірқатар іс-шара өтіп жатыр.

Таиландтың Самутпракан провинциясындағы Wat Chak Daeng ғибадатханасының аумағында экологиялық акция өтті. Іс-шара экологиялық мәдениетті арттырып, жаһандық мәселелерді шешуге қоғамды кеңінен тартуды көздейді.

Таиланд Сыртқы істер министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылған акцияға 20-дан астам дипломатиялық миссия мен бес халықаралық ұйымның өкілдері қатысты.

Қатысушылар Wat Chak Daeng ғибадатханасындағы экологиялық жобалармен танысты. Мұнда қайта өңделген пластик бөтелкелерден монахтардың киімін тігуге арналған мата өндіріледі. Сондай-ақ ғибадатхана қалдықтарды сұрыптау мен қайта өңдеуді үйрететін білім беру орталығы ретінде жұмыс істейді.

Акция түрлі ел өкілдерін тұрақты даму жолында біріктірудегі волонтерліктің маңызын айқындады.

Айта кетейік, 2026 жыл Таиландта Волонтерлер жылы болып жарияланды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив