Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
441.89 502.56 5.19

Қазақстандық әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхаттары

Бүгін, 10:54 Думан Кенжеғазыұлы

Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу жиыны кезінде әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты Қазақстан Президентінің атына шет мемлекеттер басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен көңіл айту жеделхаттары келіп түсіп жатыр.

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев пен Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевқа және қаза болған жандардың туған-туыстарына, сондай-ақ Қазақстан халқына қайғыға ортақтасып көңіл айтты.

Мемлекет басшысы қиын сәтте жұбату сөзін жеткізген әріптестеріне ризашылық білдіріп, халықаралық қолдау мен тілеулестіктің айрықша маңызды екенін атап өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив