Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
454.98 509.53 5.37

Көлік министрлігі жүргізушілерді қолайсыз ауа райында жолда сақ болуға шақырды

Бүгін, 09:21

Алдағы күндері Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы тұрақсыз болады. Бұған еліміздің аймақтарындағы ауа температурасының айтарлықтай айырмашылығы мен атмосфералық фронттардың өтуі себеп болып отыр. Синоптикалық жағдайға байланысты солтүстік және орталық өңірлерде жаңбыр аралас қар, қар жауып, ауа температурасы төмендеуі мүмкін. Сонымен қатар жел күшейіп, тұман түсіп, жолдағы көріну қашықтығы нашарлауы ықтимал. Қолайсыз ауа райы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарымен қатар, жергілікті жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігіне де әсер етуі мүмкін. Әсіресе ауа температурасы төмендеген кезде жолдың ылғал жабыны тайғақ болып, жауын-шашын мен тұман жүргізушілердің жолды көру мүмкіндігін шектейді. Осыған байланысты Көлік министрлігі жүргізушілерді жолдағы ауа райы жағдайын ескеріп, қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады. Мамандар жолға шығар алдында ауа райы болжамы мен жүретін бағыттағы жолдардың жағдайын алдын ала тексеруге кеңес береді.

Сондай-ақ сапар уақытын ауа райына қарай жоспарлап, белгіленген жылдамдық режимін сақтаған жөн. Қауіпсіз арақашықтықты сақтау, күрт маневрлер жасамау, көпірлерде, жол өткелдері мен ашық учаскелерде барынша сақ болу қажет. Ал ауа райы күрт нашарлаған жағдайда сапарды кейінге қалдырған абзал.

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жағдайы туралы ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін «ҚазАвтоЖол» call-орталығының 1403 нөмірі арқылы алуға болады. Көлік министрлігі жүргізушілерді ауа райының өзгеруін ескеріп, жолға шығар алдында қажетті ақпаратты тексеруге және қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив