Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді
Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді.
Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту маусымына толық дайын, жылу беру жұмыстары штаттық режимде жүргізіліп жатыр. 1 қазаннан бастап Семейдегі әлеуметтік нысандар кезең-кезеңімен жылу жүйесіне қосылды. Қазіргі уақытта көпқабатты тұрғын үйлерге де жылу беру жұмыстары жүргізілуде.
«Семей қаласы бойынша екі жылдық өтпелі бес жоба бар. Бір жоба бойынша мердігер ұйым тарапынан олқылықтар болды. Яғни, құрылғылар уақытында жеткізілмеді. Бүгінгі күні құрылғылар толығымен орнатылды. Біз жылыту маусымына толығымен кірдік. Бірінші кезекте әлеуметтік нысандар қосылды. Екінші кезекте тұрғын үйлер қосылып жатыр. Тұрғындардың алаңдауына еш негіз жоқ екенін жеткізгіміз келеді», – деді ол.
Бекжан Бапышев өңірдегі жылумен қамту мәселесі тұрақты бақылауда екенін атап өтті.
Тағыда оқыңыз
Қазақстандық ЖЭО-лардың қоймаларында 4 млн тонна көмір және 85 мың тонна мазут жиналғанМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында сөйлеген сөзіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу»Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту»Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауы