Қазақстанда зейнетақы тағайындау тәртібі өзгереді
Қазақстанда зейнетақы төлемдерін тағайындау қағидаларына өзгерістер енгізілді. Енді құжаттардан қате немесе сәйкессіздік анықталса, азаматтарға оны түзетуге қосымша уақыт беріледі.
Жаңа тәртіпке сәйкес, зейнет жасына жеткен азаматтар үш түрлі төлемді — жасына байланысты зейнетақыны, мемлекеттік базалық зейнетақыны және БЖЗҚ төлемдерін бір өтініш арқылы рәсімдей алады.
Егер құжаттарда қате табылса, оны түзету үшін жасына байланысты зейнетақыға 10 жұмыс күніне дейін, ал базалық зейнетақыға 8 жұмыс күніне дейін уақыт беріледі. Кемшіліктер белгіленген мерзімде түзетілсе, өтініш алғаш берілген күннен бастап есептеледі.
Жаңа ережелер 2026 жылғы 24 қазаннан бастап күшіне енеді.
Тағыда оқыңыз
Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылдыҚазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жарияландыҚазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияландыЗейнетақы төлемдеріңізді алу бойынша өз тәсіліңізді таңдаңызМиллионға жуық адам зейнетақы жинақтарын тұрғын үй сатып алуға және (немесе) емделуге пайдаланды