Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

2023 жылғы 1 мамырда 494,3 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді

23-05-2023, 16:17 Думан Кенжеғазыұлы

2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 94,2 мың отбасындағы 494,3 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) тағайындалды. Биыл  осы мақсаттарға бюджеттен 73,9 млрд теңге бөлінді.

АӘК отбасының әрбір мүшесіне, жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады.

Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 жас пен 6 жастағы балаларға арналған кепілдендірілген әлеуметтік топтама көмектің заттай түрінен, монетизациялау форматына, яғни 1,5 АЕК мөлшерінде (2023 жыл – 5175 теңге) қосымша ақшалай төлем түріне ауыстырылды.

2023  жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда – 150,8 мың балаға қосымша төлем тағайындалды.

Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы бере алады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив