Cемей9°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
538.12 627.02 6.65

Қазынашылық қоғамдастықтардың (PEMPAL және PEMNA) бірінші бірлескен пленарлық отырысы

23-05-2023, 18:18 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі және Дүниежүзілік банктың ұйымдастыруымен Қазынашылық қоғамдастықтардың (PEMPAL және PEMNA) бірінші бірлескен пленарлық отырысында Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі Д. Кеңбейіл құттықтау сөз сөйледі.

Пленарлық отырыс 2023 жылғы 23-26 мамыр аралығында әлемнің 21 елінен, оның ішінде Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азия және ТМД-дан келген сарапшылардың қатысуымен өтеді.

Өз сөзінде Қаржы вице-министрі PEMPAL мен PEMNA қауымдастықтары - мемлекеттік қаржыны басқару саласындағы құнды платформа екендігін атап өтті.   Бұл платформа арқылы қатысушы мемлекеттер жан-жақты тұрғыда: ақпараттық технологиялар, бақылау функциясы, қазынашылық қызмет, т.б. салаларда тәжірибе алмасады.

Сөз соңында Д. Кеңбейіл іс-шара стратегиялық және өзара тиімді әріптестікті одан әрі дамытуға елеулі серпін беретініне сенім білдірді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив