Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
455.63 507.89 5.65

Биыл еліміздің жалпы ішкі өнімі 400 млрд долларға жуықтайды — Жолдау

Бүгін, 12:46

Еліміз экономикасының көлемі жағынан әлемде 47 орынға көтерілді. Бұл туралы Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті. 

— Осы орайда әлеуметтік-экономикалық маңызы бар нысандар салуға және оны жаңғыртуға ерекше мән береміз. Бұған біздің күшіміз де, мүмкіндігіміз де жетеді. Халықаралық валюта қоры ұсынған болжамға сәйкес, биыл еліміздің жалпы ішкі өнімі 400 миллиард долларға жуықтайды. Оның жан басына шаққандағы үлесі 19 мың доллардан асатын болды, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұл ретте Президент еліміз экономикасының көлемі жағынан әлемде 47 орынға көтерілгенін айтты. 

— Бұл — халқының саны бізден әлдеқайда көп бірқатар елдің көрсеткішінен жоғары деңгей деген сөз, — деді Мемлекет басшысы.



Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив