Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

«Өңір» депутаттық тобының отырысында ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту мәселелері талқыланды

24-05-2023, 15:16 Думан Кенжеғазыұлы

«Өңір» депутаттық тобының сенаторлары «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының басшылығымен кездесті. Жүздесуде шағын және орта бизнесті дамыту және одан әрі қолдау мәселелері талқыланды.

 «Өңір» депутаттық тобының жетекшісі Серік Шайдаров кездесуді аша келіп, еліміздің Президенті шағын және орта бизнесті дамытуға баса назар аударып отыратынын атап өтті. Президент Парламенттің VIII шақырылымының I сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде бәсекеге қабілетті отандық бизнесті өркендетуді қамтамасыз ету міндетін алға қойған болатын.

«Біздің Палата өңірлер тұрғындарының, оның ішінде шағын және орта бизнес өкілдерінің мүддесін білдіреді және салалық мемлекеттік органдармен бірлесе отырып осы саладағы заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыс істеуде. Біз мемлекеттік сатып алу саласын қоса алғанда, шағын және орта кәсіпкерлікке қатысты реттеу рәсімдерін оңайлату, салықтық ынталандыру, инвестициялық белсенділікті арттыру, әкімшілік жүктемені азайту жөніндегі шаралар ұсындық», - деді сенатор Шайдаров.

Кездесу барысында жүздесуге қатысушылар шағын және орта бизнес қызметінің өзекті мәселелерін, оның ішінде заңнамадағы олқылықтарды талқылады. Сондай-ақ салық салу, мемлекеттік сатып алу, кедендік әкімшілендіру және туризм сияқты салалардағы жүйелі проблемаларды шешу жолдары ұсынылды.

«Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов сенаторлар алдында сөйлеген сөзінде шағын және орта бизнесті дамытудағы жаңа тәсілдер туралы айтты. Парламентшілер сондай-ақ ұлттық экономика, қаржы, индустрия және инфрақұрылымдық даму, сауда және интеграция, мәдениет және спорт министрлері орынбасарларының баяндамаларын тыңдады. Орталық мемлекеттік органдардың өкілдері депутаттарға шағын және орта бизнес өкілдерімен өзара іс-қимыл саласындағы істердің ағымдағы жай-күйі туралы баяндады.

Сенаторлар сонымен қатар «Өңір» депутаттық тобымен пікірсайыс тұрғысында 4 отырыс ұйымдастырды. Онда депутаттар, мемлекеттік органдардың өкілдері және өңірлерден келген кәсіпкерлер шағын және орта бизнесті дамытудың өзекті мәселелерін талқылады. Сенат депутаттары әр тақырып бойынша өткен отырыстарға төрағалық етті.

Отырысқа қатысушылар жинылыс қорытындысы бойынша салалық мемлекеттік органдардың атына жіберілетін ұсынымдарды әзірледі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив