Cемей24°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
479.05 534.57 5.17

«Қазақстан Республикасында медиацияны дамыту» гранттық жобасы шеңберінде конференциялар өтті

24-05-2023, 16:40 Думан Кенжеғазыұлы

«Келіссөздер халықаралық академиясы» ЗТБ ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Қазақстан Республикасында медиацияны дамыту» гранттық жобасы шеңберінде және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен Қостанай аудандық сотының, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің және Қостанай облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» кеңесінің базаларында конференциялар өткізді. Конференцияға қатысушылар-татуластырушы судьялар, медиаторлар, мамандар, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, университет оқушылары, жұртшылық.

Іс-шараның мақсаты: Қазақстан Республикасында медиацияны дамыту мәселелерін талқылау және ілгерілету.

Іс-шара барысында академия медиатор-сарапшылары, сертификатталған жаттықтырушылар мен қазіргі уақытта қызмет атқарып жүрген медиаторлар «Соттағы Медиация - судья сынаушылар», «Бизнестегі медиация, сот істерін оңайлату», «Медиация – тұтынушылардың құқықтарын қорғаудағы кезең ретінде» тақырыптарында баяндамалар жасады.

Сондай-ақ өңір медиаторларымен диалогты ұйымдастыру арқылы өңірдегі медиацияның жай-күйі туралы ұсыныстар мен өзекті деректер талқыланды, проблемалық мәселелер және оларды шешудің тиімді жолдары анықталды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив