Cемей4°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
452.91 509.43 5.53

Мәдениетке инвестиция – өңірдің рухани келешегіне инвестиция

Бүгін, 16:10

Өңірдің дамуы тек экономикалық өсіммен өлшенбейді. Мәдениет нысандарының қолжетімділігі, шығармашылық орта мен кітапхана жүйесінің дамуы – қоғамның рухани әлеуетін айқындайтын маңызды көрсеткіштер. Осы бағыттағы нақты міндеттер «Әділет» партиясының Абай облысына арналған 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын таныстыру аясында мәдениет және өнер қызметкерлерімен өткен кездесуде талқыланды.

Кездесуге Сағадиев Ұлан, Темірлан Бақтияров, Эльзира Солтабаева, Әйгерім Жұмақанова және Арайлым Алимжанова қатысты. Талқылау барысында өңірдің мәдени инфрақұрылымын жаңғырту, шығармашылық жобаларды қолдау, кітапхана қорларын толықтыру және мәдени қызметтердің ауыл тұрғындары үшін қолжетімділігін арттыру мәселелері қозғалды.

Бағдарламада мәдени инфрақұрылымды дамытуға басымдық берілген. Атап айтқанда, Семей қаласында 1 000 орындық облыстық драма театрын, медиаорталық, шығармашылық орталық және «Көрме орталығын» салу көзделген. Сонымен қатар Бесқарағай ауданының Глуховка, Беген және Ерназар ауылдарында әрқайсысы 100 орындық үш мәдениет үйінің құрылысын аяқтау, Бородулиха және Көкпекті аудандарында төрт ауылдық клуб салу жоспарланған. 2031 жылға дейін тағы 10 мәдениет нысанын жөндеу міндеті қойылған.

Бұл жобалар мәдени іс-шараларды өткізуге арналған ғимараттар санын арттырумен ғана шектелмейді. Олар шығармашылық ұжымдардың жұмыс істеуіне, жергілікті таланттардың танылуына және ауыл тұрғындарының мәдени өмірге белсенді араласуына мүмкіндік береді.

Бағдарламаның тағы бір маңызды бағыты – кітапхана жүйесін жаңарту. Кітапхана қорларын жыл сайын толықтырумен қатар, білім беру ұйымдарының кітапханаларын балаларға, жасөспірімдерге және білім алушыларға арналған әдебиеттер қорын жүйелі басқаруға мүмкіндік беретін автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйеге қосу көзделген. Бұл білім ресурстарына қолжетімділікті кеңейтіп, оқу мәдениетін дамытуға ықпал етеді.

Сонымен бірге бағдарламада әйелдердің қоғамдық-саяси өмірдегі рөлін арттыруға ерекше назар аударылған. Экономиканың негізгі салаларында еңбек ететін әйелдерді көшбасшылыққа, басқару дағдыларына және қоғамдық-саяси қызметке қатысуға жыл сайын оқыту, олардың өзін-өзі жүзеге асыруына тең мүмкіндік жасауға бағытталған жобаларды іске асыру қарастырылған.

«Мәдениет саласын дамытуға тек инфрақұрылым тұрғысынан қарауға болмайды. Жаңа театрлар мен мәдениет үйлері шығармашылыққа жол ашса, жаңартылған кітапханалар білімге қолжетімділікті арттырады. Ал әйелдердің қоғамдық өмірге белсенді араласуына жағдай жасау қоғамның әлеуетін кеңейтеді. Сондықтан бұл бағыттар бір-бірімен тығыз байланысты және өңірдің ұзақ мерзімді дамуына қызмет етеді», – деп атап өтті Ұлан Сағадиев.

Кездесу барысында сала өкілдерінің ұсыныстары мен пікірлері тыңдалып, мәдениет пен өнерді дамытуға қатысты бағдарламалық міндеттердің маңызы талқыланды. Мәдениетке жасалған инвестиция – жаңа ғимараттармен ғана емес, ашылған мүмкіндіктермен, қолдау тапқан таланттармен және білімге қол жеткізген ұрпақпен өлшенеді.

Дайындады: «Әділет» партиясы Абай облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: Ибраев А.М.

Абай облысы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив