Облыс әкімі Семей теміржол вокзалындағы құрылыс қарқынын қадағалады
Аймақ басшысы Берік Уәли бір апта бұрын теміржол вокзалындағы құрылыс қарқынының төмендігін сынға алып, мердігер ұйымға жұмысты жандандыру жөнінде нақты тапсырма берген болатын.
Облыс әкімі бүгін нысанға арнайы келіп, құрылыс барысын қадағалады. Нысанда құрылыс-монтаж, сыртқы әрлеу, ішкі әрлеу, жылыту және желдету жүйелерін орнату, перронды жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта еден төсеу жұмысы басталған. Орнатылған эскалаторларға техникалық тексеру жүргізілген.
Нысанда екі ауысымды жұмыс режимі енгізілген. Мердігерлердің айтуынша, құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтау желтоқсан айының басына жоспарланып отыр.
Бір апта бұрын берілген тапсырмалардың орындалуын тексерген аймақ басшысы мердігер ұйымға жұмысты бір ай мерзімде аяқтау қажеттігін ескертті. Сондай-ақ, жұмысшылар санын жеткілікті деңгейде ұстап, құрылыс барысын күнделікті бақылауды тапсырды.






