Еңбек адамының мүддесі – өңір дамуының басты бағдарларының бірі
«Әділет» партиясының Абай облысы бойынша 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы кәсіподақ ұйымдарының өкілдеріне таныстырылды. Кездесуде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, еңбек адамдарының әл-ауқаты және тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған басымдықтар талқыланды.
Кездесуде Алтай Дюсупов, Ернар Тоқтаров, Әйгерім Жұмақанова және Эльзира Солтабаева спикерлік етті. Олар партияның «Әділетті болашақ үшін» атты жалпыұлттық сайлауалды бағдарламасы мен Абай облысына арналған өңірлік міндеттерді таныстырды.
Алтай Дюсупов өңірдің өнеркәсіптік және логистикалық әлеуетін толық іске асыру үшін инфрақұрылымды жаңғырту, инвестиция тарту және адами капиталды дамыту маңызды екенін атап өтті.
«Өңірдің дамуы тек экономикалық көрсеткіштермен өлшенбеуі керек. Оның нақты нәтижесі әр отбасының тұрмысынан, еңбек адамының мүмкіндігінен және тұрғындардың күнделікті өміріндегі оң өзгерістерден көрінуі тиіс. Сондықтан кез келген бастама халықтың сұранысына жауап беріп, орындалуы нақты бақылауда болғаны маңызды», – деді ол.
Кандидат Эльзира Солтабаева білім беру саласындағы міндеттерге тоқталып, сапалы білім мен бәсекеге қабілетті ұрпақ қалыптастырудың маңызын атап өтті.
«Өңірдің болашағы сапалы білім мен бәсекеге қабілетті ұрпаққа байланысты. Мектептердегі орын тапшылығын шешу, білім беру инфрақұрылымын жаңарту және балалардың қабілетін дамытуға жағдай жасау – маңызды міндет. Білімге салынған инвестиция – елдің ертеңіне салынған инвестиция», – деді спикер.
Әйгерім Жұмақанова заң мен тәртіп қағидаттарын нығайту және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударды. Ал Ернар Тоқтаров әлеуметтік қолдау шараларының тиімділігіне, әйелдер мен жастардың әлеуетін іске асыруға мүмкіндік жасауға, білім саласына қатысты тоқталды.
Кездесу соңында кәсіподақ ұйымдарының өкілдері өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, пікір алмасты. Партия өкілдері ұсыныстар мен азаматтардың өтініштерін сайлауалды бағдарламаны іске асыру аясында ескерудің маңызын атап өтті.
Дайындады: «Әділет» партиясы Абай облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Ибраев А.М.
Абай облысы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді





