Облыс әкімі ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Мешітбайқызымен кездесті
Бүгін аймақ басшысы Берік Уәли «Qazaqstan dauiri» газетінің және республикалық «Мөлдір бұлақ» балалар журналының бас директоры, «ЕлАна» қоғамдық қорының президенті, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Мешітбайқызымен кездесті.
Кездесуде ұлттық баспасөздің бүгінгі жағдайы, дәстүрлі журналистиканың даму бағыттары, балалар тәрбиесі мен кітап, газет-журналдарды оқудың, баспасөзге жазылудың мән-маңызы, республикалық және өңірлік ақпарат құралдары арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
«Қазақстан дәуірі» газетінің тарихы Қазақстан мен Түркия арасындағы рухани байланыстардан бастау алады. Көп жылдар «Заман Қазақстан» деген атпен жарық көрген басылым кейін «Qazaqstan dauiri» атауын алды. Газет еліміздің саяси, экономикалық, қоғамдық және рухани өміріндегі өзекті мәселелерді көтеріп келеді. Сондай-ақ, басылыммен бірге балаларға арналған «Мөлдір бұлақ» журналы мен «ЕлАна» ақпараттық сайты жұмыс істейді.
Облыс әкімі кездесуде ұлттық басылымдардың ел өміріндегі маңызды оқиғаларды халыққа жеткізумен қатар, қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеріп, ұлттық құндылықтарды сақтауға үлес қосып отырғанын атап өтті.