Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
448.98 502.45 5.45

Қазақстан Орталық Азияда туризмді дамыту жөніндегі әлемдік рейтингте көш бастады

Бүгін, 15:50 018.kz

Қазақстан туризмді дамыту жөніндегі халықаралық рейтингте 110 елдің ішінде 56-орынға ие болып, Орталық Азия мемлекеттері арасында үздік нәтиже көрсетті. Еліміз Өзбекстаннан 20, Қырғызстаннан 37 сатыға жоғары орналасқан.

Дүниежүзілік экономикалық форумның Travel & Tourism Development Index 2026 зерттеуіне сәйкес, Қазақстан жеті балдық жүйе бойынша 4,09 балл жинады. Ал Өзбекстан 3,69 баллмен 76-орынға, Қырғызстан 3,44 баллмен 93-орынға тұрақтады.

Соңғы екі жылда Қазақстанның туристік даму көрсеткіші 1,6 пайызға, ал 2019 жылмен салыстырғанда 2,4 пайызға жақсарған. Еліміз халықаралық рейтингте Филиппин, Әзербайжан, Оман, Мысыр және Марокко сияқты мемлекеттерден озып шықты.

Зерттеу барысында елдердің туристік инфрақұрылымы, көлік қатынасы, қауіпсіздік деңгейі, қонақүй қызметі, табиғи және мәдени көрікті орындары бағаланған. Жалпы 17 бағыт бойынша 102 көрсеткішке талдау жасалды.

Әлемдік рейтингтің алғашқы ондығына Жапония, АҚШ, Испания, Австралия, Франция, Германия, Ұлыбритания, Қытай, Швейцария және Италия енді.

Айта кетейік, аталған рейтинг туристердің нақты санын емес, елдердің туризмді тұрақты дамытуға қаншалықты қолайлы жағдай қалыптастырғанын көрсетеді.

Дүниежүзілік экономикалық форумның мәліметінше, 2025 жылы халықаралық туристік сапарлар саны 1,5 миллиардқа жеткен. Ал туризм саласының әлемдік экономикаға қосқан үлесі 11,6 триллион долларды құрап, 366 миллион адамды жұмыспен қамтыған.

Қазақстанның халықаралық рейтингтегі нәтижесі еліміздің туристік әлеуетін дамыту бағытындағы ілгерілеуді көрсетеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив