Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
444.3 490.91 5.41

Кандидат Қуаныш Молдақашев тұрғындарға сайлауалды бағдарламасын таныстырды

6-11-2026, 16:41

Семей қаласы мәслихатының депутаттығына №19 сайлау округі бойынша кандидат Қуаныш Молдақашев округ тұрғындарымен кездесіп, сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды.

Кездесу барысында кандидат тұрғындарды алаңдататын өзекті мәселелерге тоқталып, қаланың тазалығы, абаттандыру, жастарды қолдау және цифрлық технологияларды дамыту бағытындағы жоспарларымен бөлісті.

«Біздің округ қаланың орталығында орналасқан. Тұрғындарды алаңдататын негізгі мәселелер – тазалық пен қолайлы қалалық орта қалыптастыру. Осы уақытқа дейін жинаған білімім мен тәжірибемді туған қалам Семейдің дамуы мен көркеюіне жұмсағым келеді», – деді Қуаныш Молдақашев.

Кандидаттың сайлауалды бағдарламасы «Жайлы қала», «Зияткер жастар» және «Цифрлық даму» атты үш негізгі бағыттан тұрады.

«Жайлы қала» бағыты аясында аулалар мен көшелердің тазалығын арттыру, жасыл аймақтарды көбейту, балалар алаңдары мен көше жарығын жақсарту, тұрғындарға кедергісіз орта қалыптастыру көзделген. Сондай-ақ «Жасыл ел» жастар жасақтары мен тұрғындарды бірлескен көгалдандыру жұмыстарына тарту жоспарлануда.

«Зияткер жастар» бағыты бойынша оқушылар мен студенттерге арналған білім беру жобаларын, дебат клубтарын, кәсіптік бағдар беру және жастардың еңбек тәжірибесін арттыру бастамаларын қолдау ұсынылды.

Ал «Цифрлық даму» бағыты тұрғындардың өтініштерін жедел қарауға мүмкіндік беретін цифрлық жүйелерді жетілдіруге, мәселелердің шешілу барысын ашық бақылауға және депутаттық қызмет туралы тұрақты есеп беруге бағытталған.

Кездесу соңында Қуаныш Молдақашев тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, көтерілген мәселелерді назарға алатынын жеткізді.

*№ 19 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Қуаныш Молдақашевтың сайлау қорынан төленді

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив