Кандидат Қуаныш Молдақашев жастармен кездесіп, сайлауалды бағдарламасын таныстырды
Семей қаласы мәслихатының депутаттығына №19 сайлау округі бойынша кандидат Қуаныш Молдақашев жастармен кездесіп, сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды.
Кездесу барысында кандидат қаланың дамуы, жастарға жаңа мүмкіндіктер жасау, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру және цифрлық технологияларды дамыту мәселелеріне тоқталды.
Қуаныш Молдақашевтың сайлауалды бағдарламасы «Жайлы қала», «Зияткер жастар» және «Цифрлық даму» атты үш негізгі бағыттан тұрады.
«Жайлы қала» бағыты аясында аулалар мен көшелердің тазалығын арттыру, жасыл аймақтарды көбейту, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру және «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарын көгалдандыру жұмыстарына тарту көзделген.
«Зияткер жастар» бағыты бойынша оқушылар мен студенттерге арналған зияткерлік жобаларды, дебат клубтарын, кәсіптік бағдар беру бағдарламаларын дамыту, жастардың білім алуына және алғашқы еңбек тәжірибесін жинақтауына жағдай жасау жоспарланған.
Ал «Цифрлық даму» бағыты тұрғындардың өтініштерін жедел қарауға, қалалық мәселелердің шешілу барысын ашық бақылауға және заманауи цифрлық сервистерді дамытуға бағытталған.
Кездесу барысында жастар өз ұсыныстарын ортаға салып, қаланың болашағына қатысты пікір алмасты. Кандидат жастардың бастамаларын қолдау мен олардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына жағдай жасау маңызды екенін атап өтті.
*№ 19 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Қуаныш Молдақашевтың сайлау қорынан төленді

