Cемей-3°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
444.3 490.91 5.41

Қуаныш Молдақашев: «Семейді жасыл әрі жайлы қалаға айналдыру – басты мақсаттардың бірі».

11-11-2026, 15:23

Семей қаласы мәслихатының депутаттығына №19 сайлау округі бойынша кандидат Қуаныш Молдақашевтың сайлауалды бағдарламасындағы негізгі бағыттардың бірі – «Жайлы қала».

Бұл бастама аясында қаланың экологиялық жағдайын жақсарту, жасыл желектердің санын арттыру, аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру мәселелеріне басымдық беріледі.

Атап айтқанда, «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары мен қала тұрғындарының қатысуымен бірлескен көгалдандыру жобаларын жүзеге асыру жоспарлануда. Жоба аясында ағаш отырғызу, жасыл аймақтарды күтіп-баптау, тұрғын үй аулаларын көркейту және жастарды қоршаған ортаны қорғау жұмыстарына кеңінен тарту көзделген.

Сонымен қатар тұрғындардың өз ауласын абаттандыруға қатысты бастамаларын қолдау, жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және қала тазалығына ортақ жауапкершілікті арттыру маңызды міндеттердің бірі болмақ.

Жайлы қала – тек жаңарған инфрақұрылым емес, ол таза көшелер, жасыл аулалар, қауіпсіз қоғамдық кеңістіктер және тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы орта.

Қуаныш Молдақашевтың басты мақсаты – тұрғындармен бірлесе отырып, Семейді жасыл, таза әрі өмір сүруге жайлы қалаға айналдыруға үлес қосу.

*№ 19 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Қуаныш Молдақашевтың сайлау қорынан төленді

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив