Cемей-3°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
444.3 490.91 5.41

Кандидат Радик Сайфутдинов №1 перзентхана ұжымымен кездесті

10-11-2026, 18:19

Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Радик Сайфутдинов №1 перзентхана ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында кандидат сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, ұжым өкілдерімен қала өміріне қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Сонымен қатар қатысушылар арасында пікір алмасу ұйымдастырылып, ұсыныс-тілектер тыңдалды.

Әңгіме барысында денсаулық сақтау саласын дамыту, медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру, әлеуметтік қолдау мәселелері және қала тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасау тақырыптарына ерекше назар аударылды.

Радик Сайфутдинов тұрғындармен және түрлі сала мамандарымен тұрақты байланыс орнатудың, олардың ұсыныстарын тыңдап, көтерілген мәселелерді назарда ұстаудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу соңында кандидат №1 перзентхана ұжымына жылы қабылдауы, ашық әңгімесі және белсенді қатысқаны үшін алғысын білдірді.

*№20 бірмандаттық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Радик Сайфутдиновтың сайлау қорынан төленді


Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив