Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха-2°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
443.96 487.73 5.38

Кандидат Қуаныш Қасенов жедел жәрдем ауруханасының ұжымымен кездесті

Кеше, 16:17

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Қуаныш Қасенов жедел жәрдем медициналық ауруханасына барып, медицина мекемесінің ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында кандидат «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, өзінің жеке сайлауалды бағдарламасында қамтылған бастамаларға тоқталды. Әсіресе өңірді дамыту, әлеуметтік саланы жетілдіру және халықтың өмір сапасын арттыру мәселелері қозғалды.

Жүздесу кезінде медицина қызметкерлері өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салып, саладағы өзекті түйткілдер мен ұсыныстарын жеткізді. Тараптар денсаулық сақтау жүйесінің дамуы, медицина мамандарының еңбек жағдайы және саладағы мәселелерді шешу жолдары жөнінде пікір алмасты.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, медицина саласы өкілдерінің ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Кандидат ұжым мүшелеріне кездесуге қатысып, ойларымен бөліскені үшін алғыс білдірді.

*№5 бірмандатты сайлау округі бойынша Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Қуаныш Қасеновтыңсайлау қорынан төленді


Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив